Qazyr.kz порталы
АймақҚазірСпорт

Астанада халықаралық ат спорты жарысы өз мәресіне жетті

2025 жылы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде халықаралық деңгейдегі ірі ат спорты жарыстары өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл жарыстар Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылып, конкурдан (кедергілерден секіру) Еуразиялық лиганың Әлем кубогының кезеңі (FEI CSI1*-W) және атпен мәнерлеп жүруден (дрессура) халықаралық турнир (FEI CDI1*) өткізілді .

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Грузия және Иран елдерінен 60-тан астам шабандоз қатысты. Үш күнге созылған бұл додада қатысушылар әртүрлі деңгейдегі кедергілерден өтіп, атпен үйлесімді қозғалыстар орындау арқылы өз шеберліктерін көрсетті .

Жарыстың жалпы жүлде қоры 24 000 АҚШ долларын құрады . Бұл турнир қазақстандық спортшылар үшін тәжірибе алмасу, шетелдік мықты қарсыластармен бәсекеге түсу, сондай-ақ халықаралық турнирлерге жолдама алу мүмкіндігі болды .

Аталған жарыстың Астанада өтуі еліміздегі ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанының көрінісі. Мұндай халықаралық жарыстар Қазақстанда ат спортының дамуына серпін беріп, отандық спортшылардың халықаралық аренада танылуына мүмкіндік тудырып отыр.

Жарыс барысында көрермендер мен жанкүйерлер ат спортының әсемдігі мен шабандоздардың шеберлігін тамашалады. Осылайша, Астанада өткен халықаралық ат спорты жарыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің спорттық беделін арттырды.

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы жылдың пітір садақа мөлшері белгілі болды

redaktor_qazyr

Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады

redaktor_qazyr

Ертең Арыс қаласында жаңа оқу жылына орай, оқушыларға арнап жәрмеңке өтіледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz