Qazyr.kz порталы
АймақҚазірСпорт

Астанада параспортшыларға арналған ҚР VII Спартакиадасы ресми түрде ашылды

2025 жылғы 4 маусымда Астана қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшыларға арналған Қазақстан Республикасының VII Параспартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды Qazyr.kz.

Биылғы спартакиада 30 мамыр мен 29 маусым аралығында еліміздің бес өңірінде: Астана, Тараз, Көкшетау қалаларында және Өскемен мен Алматы облыстарында өтеді. Астанада жарыстар 30 мамыр мен 12 маусым аралығында ұйымдастырылса, жабылу салтанаты 29 маусымда Өскемен қаласында өтеді.

Спартакиадаға еліміздің 19 өңірі мен қалаларынан 2000-ға жуық спортшы қатысуда. Жарыс 17 спорт түрі бойынша өтеді.Астанада аталған спорт  түрлерінің жетеуі бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, өңірлік спорт ұйымдарының жұмысын қорытындылау және ұлттық құрамаларға спортшыларды іріктеу.

Бұл спартакиада еліміздегі параспорттың дамуына серпін беріп, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Мұхтар Мағауиннің жеті күндік асы берілді

redaktor_qazyr

Уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер етеді?

redaktor_qazyr

Егер адам қайтыс болса,несиесін кім төлейді?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz