Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Атырауда сот үкімімен келіспеген азамат өзіне пышақ сұғып,сот залын қызыл қанға бояды

Атырау қаласында 40 жастағы ер азамат,сот үкімімен келіспей,кағаз кесетін пышақпен өз білегін кескен.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

 

 

ЕСКЕРТУ: Мақалада көрсетілген суреттер шынайы болуына байланысты,«Сезімтал,жүрегі нашар адамдар мен жасөспірімдерге кері әсер етуі мүмкін!»
Дереу экранды ауыстыруыңызды сұраймыз!

 

 

Белгілі болғандай, сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 608-бабы бойынша («Мас күйде көлік құралын жүргізу») бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

«Мен қайта-қайта қамала беруден шаршадым. Шыққаныма бір жарым ай ғана болды. Әділеттілік жоқ, мен өзімді ө*****мін», — деді ол сот үкімі шыққан соң.

Өзінің білегін тілген сотталушы,біраз уақыт полицейлерді жанына жолатпаған. Кейіннен облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қайта қамалды.

 

Оқиға 31 мамыр күні таңертең облыстық сот залында болған.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев 9 мамырда Мәскеуге баратын болды

redaktor_qazyr

30 қаңтар күні Қазақстан өңірлерінде қар,көктайғақ және тұман күтілуде

redaktor_qazyr

Тоқаев экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту керектігін айтты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz