ӘлемҚазір

Ауғанстанда барлық сұлулық салондары жабылады

«Ауғанстандағы Талибан әкімшілігі елдегі барлық сұлулық салондарын жабу туралы бұйрық берді, бұл халықаралық қоғамдастық тарапынан алаңдаушылығын тудыруда»-деп хабарлады,Қазір ақпарат агенттігі, Oqu.news-ке сілтеме жасап.

Ізгілікті насихаттау және келеңсіздіктердің алдын алу министрлігінің өкілі Мұхаммад Садық Акиф әйелдерге арналған сұлулық салондарын бір ай ішінде жабылатынын жариялады.

Талибан 2021 жылы АҚШ қолдаған Ауғанстан үкіметін жеңіп, шетелдік әскерлерді шығарғаннан кейін өз билігін қалпына келтірді. Содан бері қыздарға арналған мектептерді жабу, университеттерде оқуға тыйым салу және көптеген әйелдердің гуманитарлық ұйымдарда жұмыс істеуіне тыйым салу секілді әйелдерге қатысты жаңа шектеу шаралары енгізілуде.

2001 жылдың соңында талибандар биліктен қуылғаннан кейін, Кабулды қоса алғанда, Ауғанстанның басқа қалаларында сұлулық салондары пайда бола бастады. Кейбір сұлулық салондары тығылып және маңдайшаларсыз астыртын жұмыс істеген. Алайда, тәліптердің аталған мекемелерді жабу туралы шешімі олардың жұмысын тоқтатуына алып келеді.

Халықаралық қоғамдастық пен батыс елдерінің үкіметтері Ауғанстандағы әйелдерге қатысты шектеулердің күшеюіне наразылығын білдіруде. Олар мұндай шаралар «Талибан» әкімшілігінің дамуы мен халықаралық деңгейде мойындалуына кедергі келтіреді деп есептейді. Тәліптер тағылып жатқан сыни пікірге жауап ретінде жауап ретінде Талибан әкімшілігі ислам заңы мен ауған әдет-ғұрыптарына сәйкес әйел құқығын құрметтейді деп алға тартуда. Осыған қарамастан, сұлулық салондарын жабуды қоса алғанда, шектеулер халықаралық қоғамдастықтаың алаңдаушылығын тудыруда.

Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар Ауғанстандағы әйелдердің құқығын қорғауға шақырып, елдегі жағдайға қатысты алаңдаушылық білдіруде. Олар әйелдердің тең құқықтары мен таңдау еркіндігі үшін күресті жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Тағамға дәм беретін майлар қалай дайындалады?

Redaktor Site

Қазақстанда 30 сәуірден бастап ЭЦҚ өзгертіледі

redaktor_qazyr

Марс ғаламшарының жаңа суреттері көрсетілді

admin_qazyr

Пікір жазу