Qazyr.kz порталы
Қазір

Әзербайжан «Россотрудничество» агенттігін елден шығару туралы шешім қабылдады

Әзербайжан «Россотрудничество» агенттігін елден шығару туралы шешім қабылдады,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Әзербайжан билігі Ресейдің «Россотрудничество» агенттігін ел аумағынан шығару жөнінде ресми нота жіберді. Бұл туралы Report басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Россотрудничество» әдетте Ресейдің сыртқы мәдени және гуманитарлық жобаларын насихаттаумен айналысатын ұйым ретінде белгілі, бірақ Әзербайжан үкіметі бұл құрылымның жұмысы «тыңшылық сипатқа» ие деп санайды. Әзербайжандық ресми тұлғалардың айтуынша, ел сыртқы күштердің ішкі істерге араласуына жол бермейді.

Дереккөздердің мәліметінше, Әзербайжан ұлттық мүддені қорғау жолында күмәнді ұйымдарды елден шығару үшін барын салып жатыр. «Ашық барлау қызметін жүргізетін осындай ұйымдарды ерте бастан елден қуып шығу керек», – деп айтылған дереккөздерде.

«Россотрудничествоның» қызметіне қатысты мәселе бұған дейін де туындаған болатын. Әзербайжанның құқық қорғау органдары жақында Бакудегі «Ресей үйі» ғимаратын тексеріп, оның елде ресми тіркеуден өтпегенін анықтаған. Бұған ұқсас шешім жақында АҚШ-тың USAID агенттігіне қатысты де қабылданған.

Әзербайжан билігі бұл әрекетті сыртқы ықпалдың шектелуі мақсатында қабылдағанын айтып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында көш бастап тұр

redaktor_qazyr

Таразда бас онколог пара алғаны үшін айыппұлмен жазаланды

redaktor_qazyr

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп 5 бала көз жұмды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz