Аш бала
Тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала
Аш болам деп ойламайды.
***
Жіп жіңішке жерінен үзіледі.
***
Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
***
Аштың ақылы тамағында,
Жаяудың ақылы табанында.
***
Аш ақылмен тоқ болмайды.
***
Қарны ашқанға
Қара талқан майдай көрінеді.
***
Күші жоқ ит те жүгірмес.
***
Төреге ерген ер-тоқымын арқалар.
***
Аспаннан киіз жауғанда
Сорлыға ұлтарақ та тимепті.
***
Жоқтық ұят емес,
Тоқтық мұрат емес.
***
Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.
***
Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі.
***
Жарлы байғұс жаманар,
Жаманар да қуанар.
***
Нені кем тұтсаң, соған зар боларсың.
***
Аттыға жаяу жолдас болмас.
***
Несиеге ет жесең,
Сүйегі ішегінді жыртар.
***
Жаяуға жол алыс.
***
Бие көп болса, құлын көп.
***
Сауыны аздың жазы қысқа.
***
Етік жамағанды көрдік,
Тақия жамағанды көрмедік.
***
Құсы жоққа тұрымтай
Сұңқармен тең
Аты жоққа қотыр тай
Тұлпармен тең.
***
Кісі берген кісіге ырыс болмас.
***
Басқа түссе — баспақшыл.
***
Байдан пайда артылмас,
Қудан айла артылмас.
***
Тіленшіге жел қарсы.
***
Бай атқа мінсе құтты болсын дейді,
Кедей атқа мінсе қайдан алдың дейді.
***
Байға жағынамын деп жарлының тоқтылы қойы шығыпты.
***
Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.
***
Кедей менен бай жолдас болмас,
Қасқыр менен қой жолдас болмас.
***
Қасқыр ішігі бар кісі
Жолдасының тоңғанын білмес.
***
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.