Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Баланы алғаш шомылдырғанда ескеретін жағдайлар

Фото: freepik.com

Баланы алғаш шомылдыру – өте жауапты әрі баланы біршама шошытатын сәт. Күйеуіңізден, анаңыздан, медбикеден көмек сұраңыз. 6 айға дейін баланы күн сайын шомылдырыңыз, оның терісіне, кіндігіне, көзі мен құлағына мұқият күтім жасаңыз. Баланы шомылдыру үшін көлденең ваннаны пайдаланыңыз. Баланы ваннаға салмас бұрын судың температурасын өлшеңіз, судың температурасы 37 С градустан аспауы тиіс. Бір қолыңызбен баланың басын арқасымен бірге, екінші қолыңызбен аяқтарын ұстаңыз. Оны суға кеудесін жабатындай етіп батырыңыз, одан соң аяқтарын ұстап тұрған қолыңызды жіберіңіз. Нәрестенің беті мен басын жуу үшін дымқыл шүберекті пайдаланыңыз. Баланы тез әрі еппен жуындырып, бірден құрғақ, жылы сүлгіге орап алыңыз, сүртпей, жай ғана құрғатып алыңыз. Шомылдыру ұзақтығы – 5-7 минут. Осы уақыт ішінде баламен сөйлесіп, оған ән айтуды ұмытпаңыз. Балаларға арналған сабынмен аптасына екі-үш рет жуындырыңыз.
Тері мен кіндікке күтім жасаудың негізгі қағидаты – олар таза әрі құрғақ болуға тиіс. Кіндіктің тұқылы өңдемей-ақ, ешбір байлап, таңусыз өздігінен кеуіп, түсіп қалады. Күнделікті күтім жасаған кезде антисептиктерді пайдаланудың қажеті жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас 2024 жылдың қараша айына арналған ауа райы болжамы

redaktor_qazyr

Чебурекиді қалай әзірлейді

redaktor_qazyr

Теңіз шаяндары қалай жеуге жарамды болады?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz