Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Даналық сөздер

1) Ескекті қолдана алмасаңыз, қайықты ауыстырудың қажеті жоқ.

2) Сіз үндемей қалғаныңыз үшін ешқашан өкінбейсіз.

3) Жалғыздықта — ойыңызға, Отбасыңызда — мінезіңізге, Таныстар арасында — тіліңізге ие болыңыз.

4) Ешкімге ашулы кезде жауап берме, қуанышты кезде уәде берме, ал қайғырып тұрғанда шешім қабылдама.

5) Өзгергің келсе, батыл бол. Мүмкін емес істерді жасағың келсе, төзімді бол. Қай кезде батыл, қай кезде төзімді болу керектігін білгің келсе, ақылды бол.

6) Егін піссе, басын төмен түсіреді, адам байыса, басын жоғары көтереді.

7) Ештеңені білмейтін, бірақ ештеңе білмейтінін түсінбеген адам – ақымақ. Оны айналып өт. Ештеңе білмейтін, бірақ өзінің білмейтінін түсінген жан – шәкірт. Оған білім үйрет. Барлығын білетін, бірақ білетінін түсінбеген адам – ұйқыдағы жан. Оны оят. Барлығын білетін және білетінін түсінген жан – данышпан. Оны ұстаз тұт.

8) Әйел — гүл. Жігіт — бағбан. Бағбан жақсы күтім көрсетсе, гүл әдемі өсіп шығады.

9) Серттеспесе, сезім бекер. Сыйластық болмаса, махаббат шынайы емес. Сенім жоқ жерде ештеңе өнбейді.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде су құбыры жарылып, жүздеген тұрғын сусыз қалды

redaktor_qazyr

Арыста 30-шы қазан күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

redaktor_qazyr

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz