20.3 C
Шымкент
17-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Баланың екпе салдырғаны дұрыс па?

Фото: freepik.com

Профилактикалық екпелер ауру жұқтырған жағдайда баланы ауыр зардаптарға, тіпті өліммен аяқталуға әкеп соқтыруы мүмкін қауіпті инфекциялық аурулар- дан қорғай алады. Ата-аналардың парызы – екпе туралы қажетті ақпарат алу және вакцина жасату үшін медициналық мекемеге уақытылы бару. Екпені кейінге қалдыруға болмайды. Әрбір вакцина егу нақты белгіленген уақытында қабылдануы тиіс, егер ол бірнеше екпеден тұратын болса, онда толық кур- сын алумен аяқталуға тиіс. Олай болмаған жағдайда баланың қорғаныш күші әлсіреп, толық бейтараптанып қалуы мүмкін, сөйтіп, балаңыз инфекциялық аурулардан қорғала алмайтын болады. Қосымша ақпарат алу үшін участкелік дәрігеріңізге немесе участкелік медбикеге жүгініңіз.

Ұқсас жаңалықтар

Цезарь салатын әзірлеу жолы

redaktor_qazyr

Бал беттегі қара нүктені кетіреді

redaktor_qazyr

Тик-токта танымал болып жатырған Шаймускат жүзімі туралы не білесіз?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz