Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамысты алқаптың 150 гектары отқа оранды, деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ деректеріне сүйенсек,бастапқыда 6 200 гектар жер өртенген, оның 6 050 гектары сөндіріліп үлгерді.Қазіргі уақытта, 120 гектар аумақта өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. Бүгін 26 маусым күні қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберіліпті,- деп хабарлады Stan.kz. Сонымен қоса, «Іле-Балқаш «РММ 25 адамы және 10 техникасы, орман шаруашылығының 8 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.