Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапҚазір

Балқаш көліне апаратын жол ашылды: Жетісу туризміне жаңа серпін

Жетісу облысында Балқаш көліне дейінгі жол қайта жаңғыртылып, көлік қозғалысы үшін ашылды деп хабарлайды Qazyr.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балқаш көлі – өңірдің туризм саласындағы маңызды бағыттарының бірі. Көлге жету жолын жақсарту мақсатында көлік қатынасы екі учаске бойынша қайта жаңғыртылған. Атап айтқанда, ұзындығы 27 шақырым болатын «Лепсі – Балқаш көлі» жолы өткен жылы толық пайдалануға берілсе, енді «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автожолының 35-110 шақырым аралығындағы бөлігі де көлік қозғалысына ашылды. Қазіргі уақытта бұл учаскеде асфальттың төменгі қабаты төселген.

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаевтың айтуынша, енді 40 шақырым жолда асфальттың беткі қабатын төсеу және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жол бойында 4 демалыс алаңы салынып, аялдама мен санитарлық тораптар орнатылады. Жол сапасына мердігер мекеме 5 жылдық кепілдік береді. Құрылысқа 65 техника мен 100-ден астам жұмысшы тартылған. Жолдың толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Лепсі ауылында жаңа темір жол вокзалының құрылысы басталмақ.

Осылайша, жол инфрақұрылымын жақсарту арқылы Балқаш көліне жетуді жеңілдетіп, өңір туризмін дамытуға жол ашылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Мектептегі жемқорлық» Қашан жастар ақша бермей жұмысқа тұрады? — Жас маман министрдің бетіне айтты

redaktor_qazyr

Қызылордада антикорға пара берген мешіт имамы жұмысынан қуылды

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Өзбекстан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ  

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz