Баубек Бұлқышев 1916 жылы Қарағанды облысының Ұлытау өңірінде, қазіргі Амангелді ауылында өмірге келген. Алғашқы еңбек жолы – «Ұлытау» ұжымшарының сүт фермасында есепші болудан басталады. Одан кейінгі кезеңдерде Алматы сауда-қаржы техникумында оқиды (1937 жыл). «Лениншіл жас», «Октябрь балалары» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды. Армия қатарына шақырылып (1940 жыл), Москвада сапер училищесінде оқиды. Ұлы Отан соғысында болып, Москваны қорғауға, Украинаны азат етуге қатысады. Елдік пен ерліктің өшпес өнегесін көрсетеді.
Б.Бұлқышевтың әдеби мұрасы –«Жизнь солдата» (Москва, 1946), «Өмір біздікі» (М.Иманжанов редакциясымен жарық көрді. –1948), «Жауынгер мәңгілігі» (құрастырған: Д.Әбілов 1965), «Адамзатқа хат» (1977), «Заман біздікі» (құрастырған: С.Асқаров. –1984), «Адамзатқа хат» (құрастырған: Р.Рүстембекова, Р.Ыдырысов. –2005), т.т. кітап, жинақтарына енді.
«Алматы – менің туған қалам» атты бітпей қалған романы және «Айсұлу» деген поэмасы бар.
Дереккөз: “Ана тілі” газеті