Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Бауыржан Үсенов — Ақындар

Шалаптарын шайқамай,
Қай ел бойға күш құйды.
Россия байқамай,
Алды өлтіріп Пушкинді.

Әулие болар түбінде,
Ақын енді ол ең күшті.
Күндердің, бір күнінде
Лермонтовы жер құшты.

“Россия былғаныш”,
Деп жырлаған ашынып.
Шорт үзіліп бір дауыс
Өлді Есенин асылып.

Халық емес, ақыннан
Билік қана қорқады.
Фашизимге сатылған,
“Испан” атты Лорканы.

Бой берместен азапқа,
Даусы шыңнан естілген.
Ақын жанды қазақ та,
Қалыспапты ешкімнен.

Сұмдықтардың жалғасы,
Тауып жатты арнасын.
Кесіп алды қандасы,
Махамбеттің кәлләсін.

Ара түскен момынға,
Атқан таңдай арайлы.
Сойыл беріп Содырға
Сабатыпты Абайды.

Бұлтың неткен қап-қалың,
Талай басқа ол төнген-ді.
Дана қажы Шәкәрім,
Бесатарға жем болды.

Бір қысастық бары шын,
Өлтіргендей әкеңді,
Арлан туған арысың,
Ұстатқыздың Сәкенді.

Көрді қандай азапты,
Мағжан төккен – жыр – жақұт.
Оята алмай қазақты,
Арманда өтті Міржақып.

Өлмек емес аруағы,
Ақын қашан көнерді.
Қара өлеңнің палуаны,
Мұқағали неге өлді?

Ақындарын ғаламнан,
Халық бағын іздеген.
Тек шашуға жаралған,
Тексіз ел ме ек біз деген?

Ақынға жүк артып қауым
Ащы шықсын ұраны.
Дантес, Қарасартовтарың,
Ортамызда жүр әлі.

Көкіректе бар тума,
Кейде құмға батқандай.
Жалтақтаймын артыма,
Жендет келе жатқандай.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Монтайтас ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына 1 жыл қалды

redaktor_qazyr

Қазақ тілі пәні бойынша 100 сұрақ жауабымен

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz