Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шәкен Оңалбай

Мені көрсең қуанып далбаңдайсың,
Не тұрғанын алдыңда аңғармайсың.
Үш-төрт сағат далада келсем жүріп,
Айлап көрмей сағынып қалғандайсың.

Сүйкімдісің, тұрасың күліп дәйім,
Босқа жылап мазасыз зарланбайсың.
Жалауымдай биікке көтеремін,
Жайлауында кеудемнің сайрандайсың.

Көңілімнің көгілдір аспанында,
Жұлдыз болып бағыма жанғандайсың.
Болашақтың көрікті бақшасына,
Қарлығашша шарқ ұрып барғандайсың.

Ержеткенде сен әрі адам болып,
Кім біледі нелерді армандайсың?
Әке үміті біреу-ақ: мен бастаған
Дастаныма тарау боп жалғанғайсың.

Ұқсас жаңалықтар

Сағындым сұр күзде

Redaktor Site

Серік Қалиев

Redaktor Site

Отбасындағы жоқшылық пен кедейліктен құтылу үшін оқылатын дұға

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz