Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Міржақып Дулатұлы — Шешенің балаларын сүюі

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа — күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

Ұқсас жаңалықтар

Әңгіме: Жетімдік

redaktor_qazyr

Цифровая эра и азарт: как меняется восприятие лотерейных игр

admin_qazyr

Қазақстанның көлік жүйесі жаңғырады: Үкімет жаңа жоспарды бекітті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz