Qazyr.kz порталы
АймақҚазірРуханият

Бейбіт Исабаев белгілі қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпірді марапаттады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев әкімдік ғимаратында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, белгілі қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпірді Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атануымен құттықтап, Құрмет грамотасын тапсырды,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Кездесу барысында облыс басшысы өнер иесінің Мемлекеттік сыйлықты иеленуі ұзақ жылғы шығармашылық еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

— Еліміздегі көркемсурет өнерін дамытуға, сол сияқты шетелдерде халқымызды суретшілік қырынан кеңінен танытуға үлес қосқаныңызды жақсы білеміз. Мемлекеттік сыйлықты алу – үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да шығармашылығыңыз өрлеп, өнерсүйер қауымды көркем туындыларыңызбен қуанта беріңіз. Әулетіңізге, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін, — деген  Б.Исабаев суретшіге Құрмет грамотасын тапсырып, сый көрсетті.

Өз кезегінде суретші Жанұзақ Мүсәпір туған жері Жетісуға деген ықыласы бөлек екенін, өңірдің әрбір жетістігіне қуанып, үнемі тілектес болатынын жеткізді.

— Облыс құрылғаннан бергі үш жылда өңірде орын алған оң өзгерістерге куә болып жүрміз. Жақсылықтарыңыздың бәріне ниеттеспін. «Балалықтан даналыққа жол» атты картинамды алғаш рет осы Жетісу өлкесінде өткен көрмеге қойып, елдің батасымен Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған едім. Расында үлкен мәртебеге ие болды. Маған көрсеткен құрметтеріңізге алғысымды айта отырып, бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күнінмен баршаңызды құттықтаймын, — деп Ж. Мүсәпір өзінің ізгі тілегін білдірді.

Еске салсақ, Жанұзақ Мүсәпір ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, ҚР Журналистер одағының мүшесі. «Балалықтан даналыққа жол» атты полиптихы үшін оған 2024 жылы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Бұл ауқымды туынды Аристотельден ке­йінгі «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өміріне арналған бес үлкен картинадан тұрады. Топтаманы суретші жеті жыл салған. Кенепке майлы бояумен әр түрлі техникаларды қолдану арқылы жазылған. Оның әр қайсысының биіктігі 1.8 метр, ұзындығы 11,5 метр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан ұлттық құрама бапкерін атып кетті

Redaktor Site

Үлкен үйден басталған жол ауладан сыртқа шығып жатыр

redaktor_qazyr

Қазақтың танымал 100 ақын-жазушыларының тізімі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz