«Бұрынғы министр Қуандық Бішімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ Masa.media-ға сілтеп.
9 қараша кешке БАҚ пен әлеуметтік желіде бұрынғы экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Ол Астанадағы «Бау» мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлімші етіп сабады деген күдікке ілінген.
БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, дәрігерлер оқиға орнына келгенде жасы отыздар шамасындағы әйел адам қайтыс болған. Сол жерде Қуандық Бішімбаев ұсталған. Ол ұсталған кезде мас болған және өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Салтанат Нүкенова оқиға орнында пышақ жарақатынан көз жұмған.
Салтанат Нүкенова 1992 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Ол астрологиямен айналысып, әлеуметтік желіде блок жүргізген.
Қуандық Бішімбаев 1980 жылы 11 сәуірде туған. Оның төрт баласы бар. Бірінші некеден – үш бала, екінші некеден – бір баласы бар.
Экс-министр бұған дейін де істі болған. Ол 2018 жылы аса ірі көлемде пара алды деген айыппен 10 жылға сотталып, бір жылдан кейін, 2019 жылы бостандыққа шыққан.
Қуандық Бішімбаев әр жылдары президент Назарбаевтың көмекшісі, сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, «Самұрық-Қазына» әл-ауқан қоры басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-2016 жылдар аралығында «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасы, 2016 жылы бірнеше ай Ұлттық экономика министрі лауазымында болған.