Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Дархан Сатыбалды Алматының инфрақұрылымын жақсартуды өз назарына алды

Алатау ауданына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалармен танысты деп хабарлайды Qazyr.kz

Ең алдымен, қала басшысы Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жөніндегі жұмыстың барысын тексерді. Жоба көлік байланысын жақсарту стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ұзарту жобасын іске асыру Тілендиев көшесі мен ҮАК бойындағы көшенің, сондай-ақ көршілес аралықтардағы жүктемені азайта отырып, Саин көшесі арқылы өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі Әйгерім шағын ауданындағы құрылысы аяқталмаған су құбыры және кәріз желілерінің жай-күйімен де танысты. Бүгінде жаңа жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жұмсалатын нақты сома сараптамадан соң анықталады. Дархан Сатыбалды құрылыс-монтаж жұмыстарын шілде айында кестеге сәйкес бастауды тапсырды.

Бұдан бөлек, Дархан Сатыбалды Боралдай өзені арнасының ұзындығы 2 шақырым болатын учаскесін реконструкциялау, іргелес аумақты абаттандыру барысын да тексерді. Жоба габиондарды бөлшектеуді, дренаждарды орнатуды, арнаны нығайтуды, қоршаулар жасауды және өткелдерді қайта құруды қамтиды. ЖСҚ маусым айының соңына дейін аяқталады. Жобаны іске асыру Ақбастау көшесінің су басқан учаскесіндегі жағдайды шешуге мүмкіндік береді.

Алматы әкімі Батыс кәріз коллекторының құрылысымен танысты, ол іске қосылған кезде  Наурызбай ауданының, Алатау ауданының бір бөлігінің және Алматы облысы Іле ауданының қалаға іргелес «Аманат» кентінің тұрғындары орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етіледі.

2025 жылдың ақпан айында Алатау ауданында кәріз сорғы станциясының құрылысы басталды. Бұл кәріз коллекторының өткізу қабілеті 400 мыңға жуық адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Жұмыс сапарын қорытындылаған Дархан Сатыбалды қарқынды дамып келе жатқан аудандарда көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызды екенін айтып, барлық жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге тиісті басшыларға тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Оралда жасөспірімді шапалақпен салып жіберген әйелге 370 мың теңге айыппұл салынды

redaktor_qazyr

Қарағандыда 5 көлік соқтығысқан жол апаты болды

Redaktor Site

Сарқан ауданында алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz