Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Арыста кісі өлтіріп қашып кеткен күдіктілер ұсталды

«Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды»,-деп хабарлайды Qazyr.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі Істер Министрлігі криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адамды, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушыны ұстады.

Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп,адамдарға қаруымен оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.Дәл қазір,үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды суға батқан 11 адамының  әулетіне көңіл айтып барды

redaktor_qazyr

Түркістан облысында 70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

redaktor_qazyr

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz