Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Дәрігерлер МӘМС жүйесінің тиімсіздігін айтып, оны тоқтатуды талап етті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі медицина саласына ешқандай пайда әкелмей, керісінше, дәрігерлердің жалақысы төмендеп, білікті мамандардың шетелге кетуіне себеп болып отыр. Бұл туралы дәрігер әрі медицина саласының сарапшысы Ғабит Нұрханұлы «Atameken Business» арнасында мәлімдеді,етті,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Оның айтуынша, бұл жүйеге не халық, не медицина қызметкерлері разы емес. Адамдар сақтандыру қорына ақша төлегенімен, медициналық көмекті толық көлемде ала алмай келеді.

«МӘМС жұмысы нәтиже бермеді»

МӘМС 2016 жылы құрылып, 2020 жылдан бері іске асырылып келеді. Бірақ тоғыз жыл ішінде медицинада ешқандай оң өзгеріс болған жоқ. Мемлекеттен бөлінетін қаржы да айтарлықтай өскен – 2019 жылы 1 триллион теңге бөлінсе, 2024 жылы бұл сома 2,8 триллионға жетті. Алайда сапалы қызмет пен реформалар жоқ.

«Медициналық қызметкерлердің сыйақысы мен дифференциалдық төлемдері қысқарып жатыр. Тіпті еңбек демалысына төленетін қаржыны азайтуға дейін барды. Бұл жүйені тоқтату керек», – дейді Ғабит Нұрханұлы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаз-2025: 3 миллионнан астам оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламаларымен қамтылады

admin_qazyr

Елімізде  оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды

redaktor_qazyr

Трамп Канада, Мексика және Қытай импортына баж салығын енгізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz