Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚоғам

«Директор қылмысты жасыруға тырысты»: Дәретханада көз жұмған оқушының туыстары тергеудің әділ өтуін сұрайды

«Директор қылмысты жасыруға тырысты»: Дәретханада көз жұмған оқушының туыстары тергеудің әділ өтуін сұрайды

Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте 8-сынып оқушысы әлімжеттік құрбаны болғаны туралы ақпарат құралдары мен желіге тарап кетті. Мән-жайды толық білу үшін Qaz365.kz тілшісі марқұмның туыс ағасы Олжас Сейітқадырға хабарласты.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Қайғылы оқиға 30 сәуірде болған. Ауылдағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы, 2010 жылы туған Мирас Мәлік белгісіз себептерге байланысты көз жұмған. Алғашында полиция, мектеп қызметкерлері бала өздігінен дәретханада құлап көз жұмды деген. Алайда кейін сот-медициналық сараптамасы соққыдан көз жұмғанын көрсеткен. Осыған қатысты марқұмның туыстары тергеу әділ өтуін сұрап, ҚР Президентінің әкімшілігінің басшысы Айдос Дәдебаевқа, Бас прокурор Берік Асыловқа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке хат жазды.

Марқұмның туыстары бұған сенбей, екінші күні қайтадан сот-медициналық сараптамасын жасатқан.

«Сараптама қорытындысын көрсетіп және ауылдағы куәгерлердің барын айтқан кезде ғана полиция қимылдай бастады. Мектеп директоры да бірінші күні бәрін жасырып қалғысы келді. Балалардың айтуынша, сол жерде оқиғаны көрген оқушыларды алып кетіп, тіс жармауын сұраған. Мектеп әкімшілігі оқиғаны жасырып қалғысы келген. Тергеушілердің орнына өзіміз жүгірдік. Кімнің ұрғанын да анықтап, ұстап бердік. Енді тергеу әділ жүріп, кінәлі жазасын алғанын қалаймыз. Мектеп директоры да аса ауыр қылмысты жасырып қалғысы келгені үшін өз жазасын алуы керек», — дейді ағасы.

Туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Көлікті басып озғандар айыппұлмен шектелмейді

redaktor_qazyr

Мағжан Жұмабаев — психология

redaktor_qazyr

Қазгидромет: Су тасқыннан кейін құрғақшылық болуы мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz