Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Мотоциклмен жылқы айдаған Қаражал қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды

Мотоциклмен жылқы айдаған Қаражал қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды, – деп хабарлайды QAZYR.KZ Polisia.kz-ке сілтеп

 

Қаражалдың 30 жастағы тұрғыны Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округі мен Қаражал қаласы Шалғия кентінің елді мекендері арасында мотоциклмен жылқы айдау кезінде жоғалып кетті. Үш күн бойы туыстары жоғалған жігітті өз күштерімен іздеп таба алмаған соң, полициядан көмек сұрады. Жедел-іздестіру жұмыстарына Қаражал қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқарушы билік өкілдері атсалысты. Жоғалған адамды полицейлер Шалғия ауылынан 100 шақырым жерде даладан тапты. – Мотоциклімнің жанар-жағар майы таусылып, ұялы байланыс мүлдем болмады. Адасқанымды сезіп, жақын жерден елді мекен іздеп көрмек болдым. Далада екі түнеп үшінші күні полиция қызметкерлері мені тауып алды. Полиция бөлімінің басшысына және барлық мені іздеуге атсалысқан жерлестеріме алғысымды айтамын, – дейді Еркебұлан Сәрсекеев.

Ұқсас жаңалықтар

Инвестиция орталығына айналған Жетісу: Үш жылдағы нәтижелер мен болашақ жоспарлар

admin_qazyr

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz