Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Ел бірлігін нығайту: Ерлан Қарин ұлтаралық келісімді күшейту бойынша жиын өткізді

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған республикалық жұмыс кеңесі өтті деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жиынға Президент әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

Кеңесте еліміздегі тұрақты ұлтаралық диалогты дамыту және өңірлерде болуы мүмкін шиеленістердің алдын алу мәселелері басты тақырып болды. Ерлан Қариннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру маңызды.

— Басты назарда — «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және мемлекеттік органдардың негізгі ішкі саяси бағыттар бойынша бірлескен іс-қимылдарын проактивті түрде үйлестіру, — деді Ерлан Қарин.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға ел ішіндегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, мұндай кеңестер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұған дейінгі жиын биылғы 19 мамырда өтіп, онда Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдайлар талқыланған болатын.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспары таныстырылды

redaktor_qazyr

Монтайтас пен Шағыр ауылдарына көгілдір отын қашан келеді?

redaktor_qazyr

“Сыраны бүгініміз жарқын болуы үшін қайнатамыз”: Депутат Өскемендегі жөнсіз жарнамаға шүйлікті

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz