Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратСаясат

Президентке Астана қаласын абаттандыру және көгалдандыру жоспары таныстырылды

QAZYR.KZ: Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 1,1 миллион жасыл желек, соның ішінде қала аумағында 35 мың, елорданың жасыл белдеуі аймағында 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар қаладағы 170 қоғамдық орынды, оның ішінде Есіл өзенінің бойын, Ақбұлақ жағалауын, сондай-ақ Триатлон паркі, Бейбітшілік және келісім сарайы, ЭКСПО маңын абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Астана әкімі былтыр елорданы көгалдандыру жарғысы қабылданғанын атап өтіп, аталған құжатқа сәйкес егілген жасыл желекті 3 жылға дейін күтіп-баптау міндеті жүктелетінін және үлкен ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызуға басымдық берілетінін жеткізді.

Президентке «Мыңжылдықтар аллеясын» дамыту жоспары және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы жөнінде баяндалды.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жаңалықтар

Америкадан 369 қазақстандық депортацияланады

admin_qazyr

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин стратегиялық серіктестікті нығайту жолдарын талқылады

admin_qazyr

Нағыз журналист болу ол өз өміріңді бәске тігумен тең

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz