Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Ел бірлігін нығайту: Ерлан Қарин ұлтаралық келісімді күшейту бойынша жиын өткізді

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған республикалық жұмыс кеңесі өтті деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жиынға Президент әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

Кеңесте еліміздегі тұрақты ұлтаралық диалогты дамыту және өңірлерде болуы мүмкін шиеленістердің алдын алу мәселелері басты тақырып болды. Ерлан Қариннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру маңызды.

— Басты назарда — «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және мемлекеттік органдардың негізгі ішкі саяси бағыттар бойынша бірлескен іс-қимылдарын проактивті түрде үйлестіру, — деді Ерлан Қарин.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға ел ішіндегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, мұндай кеңестер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұған дейінгі жиын биылғы 19 мамырда өтіп, онда Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдайлар талқыланған болатын.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Екінші АЭС Үкіметтің шешімі бойынша салынады

admin_qazyr

«Ашу үстінде видеосын таратып жіберген, алайда балалар заттардың ақысын төлеген»Монтайтастағы дүкенде болған оқиғаға полиция жауап берді

redaktor_qazyr

Монтайтастық әйелдің қолын күйдіріп алған Арыстық дәрігерлерге сөгіс берілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz