Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Freedom Telecom Holding Ltd.» компаниясы Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салу және Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын құру салаларында ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Qazyr.kz.
Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтып, Қазақстанды халықаралық интернет-трафик транзитіндегі негізгі қатысушыға айналдырады.
Бұл жоба деректерді беру кідірістерін азайтуға, қосылу жылдамдығын арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы трафикті өткізуге баламалы маршрут қалыптастыруға бағытталған. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.
📌 ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ:Қарашадағы жылымық пен жаңбыр: Алматыда ертең ауа райы қандай болады?→
Бұл әсіресе бұлтты технологиялар, қаржылық операциялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондай-ақ гипермагистраль құрылысы ірі IT-компанияларды, телекоммуникациялық корпорацияларды және деректерді жылдам және қауіпсіз тасымалдауға мүдделі қаржы институттары секілді халықаралық клиенттерді тартуға ықпал етеді.
Жобаларды жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.