Елімізде міндетті әскери қызметті өтеуді жою туралы петиция пайда болды.Бұл петиция Epetition.kz сайтында жарияланды деп хабарлайды Qazyr.kz.

Петиция авторының жазуынша,

«Қазақстан әскеріндегі қайғылы оқиғалардың бірден бір себебі – қарарда жоқ әлімжеттік мәселесі. Тиісті психологиялық дайындықтан өтпеген жас сарбаздар үлкен әскерлердің қысымы мен зорлығына тап болады. Мұның салдарынан сарбаздың психологиясы бүлініп, тіпті, суицид жасауға бел буады», – делінген.

Петиция авторы,міндетті әскери борышты алып тастап, кәсіби әскер жасақтауға шақырған.

«Сарбаздар әскерге тиісті дайындықсыз барады. Үшіншіден, әскердегі медициналық бақылау мен қауіпсіздік мәселесі де ақсап тұр», – дейді.

Айта кетейік, петиция 2024 жылдың 21 қыркүйегіне дейін талқыланады.