Qazyr.kz порталы
БілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Еліміздің мектептерде STEM және робототехника кабинеттері ашылуда

Қазақстан мектептерінде білім инфрақұрылымын жаңғырту қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздегі барлық оқушылар заманауи және сапалы білім ресурстарына тең қол жеткізе бастады.

2023 жылдан бері мектептерде мыңдаған жаңа пәндік кабинеттер — химия, физика, биология, STEM және робототехника бағытында жабдықталып келеді. Тек соңғы екі жылда 2039 мектепте 3128 кабинет ашылды, оның ішінде 336 кабинет – робототехника саласына арналған.

Бүгінде елімізде 1800-ге жуық робототехника кабинеті жұмыс істеп тұр. Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған бұл бастама – техникалық білімнің қолжетімділігін арттыруда маңызды қадам.

Мұндай қолдаудың нәтижесі де жемісін беруде: қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда озық нәтиже көрсетіп келеді. Жас өнертапқыштарымыз үш жыл қатарынан робототехника бойынша әлем чемпионатында топ жарып, еліміздің атын асқақтатты.

STEM – болашақтың негізі! Қазақстандық білім саласындағы бұл серпіліс – жаңа буын инженерлер мен ғалымдардың қалыптасуына жол ашуда.

Ұқсас жаңалықтар

Бата

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Түркістан облысында полиция саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz