Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Сауда флотын дамыту үшін еліміз сегіз кеме сатып алады

Қазақстан Үкіметі 2025 жылы сауда флотын жаңғырту мақсатында сегіз кеме сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында хабарланды. Жоба аясында алты құрғақ жүк кемесі мен екі паром сатып алынады.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, көлік саласының дамуы – ел экономикасының іргетасы.

– Транспорт энергетика және өзге де инфрақұрылыммен қатар кез келген экономикалық дамудың негізі болып табылады. Сондықтан Мемлекет басшысы мен Үкімет бұл мәселеге айрықша назар аударып отыр. Егер дәл қазір қажетті инвестиция құймасақ, ұзақ мерзімді экономикалық өсім болмайды. Біз барлық қажетті ресурсты бөлуге дайынбыз. Салаға жауапты құрылымдардың міндеті – бұл қаражатты мақсатты әрі тиімді пайдаланып, жобаларды белгіленген мерзімде іске асыру, – деді Үкімет басшысы.

Бұған қоса, шілде айында Каспий теңізіндегі Ақтау портында түбін тереңдету жұмыстары басталатыны белгілі болды. Бұл бастама порттың өткізу қабілетін арттырып, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыруға бағытталған.

2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша көлік саласында 24% өсім тіркелді. Бұл көрсеткіш үкімет бекіткен биылғы Экономикалық өсім жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Олжас Бектенов бұл бастамалардың қысқа мерзімді нәтижеден бөлек, алдағы онжылдықтарда еліміздің тұрақты экономикалық өсуіне негіз болатынын атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жол жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтауды тапсырды

admin_qazyr

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

admin_qazyr

Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады – Ерболат Досаев

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz