Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Бір үйдің бес баласы өрттен көз жұмды

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында болған. Бір отбасының бес баласы өрт салдарынан көз жұмды деп хабарлайды Qazyr.kz

Үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанған. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Бесеуі де ауруханада қайтыс болды.

«Балалардың әкесі жұмыста болған. Ал анасы оларды сырттан жауып, дүкенге кетіп қалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, балалар ойнап жүргенде от шыққан. Қазір сараптама жасалып жатыр. Соның нәтижесінде нақты себебі анықталады», — деді вице-министр Тұрсынбаев.

Оның айтуынша, бұл отбасы бұрын басқа үйде тұрған. Онда арнайы датчиктер орнатылған болатын. Бірақ бір ай бұрын ешкімді ескертпей, басқа жалдамалы үйге көшіп кеткен.

Бес баланың үлкені 2019 жылғы, кенжесі бір жас шамасында. Балалардың әкесі мәдениет үйінде шаруашылық меңгерушісі, ал анасы үйде балаларға қарап отырған. Әкімдік балалардан айырылған ерлі-зайыптыға көмек берілетінін хабарлаған болатын.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет пен бизнес өкілдері ҚҚС сараланған мөлшерлемесін талқылады

admin_qazyr

2029 жылы Апофис астероиды жерге жақын аралықтан өтуі мүмкін — Ғалымдар алаңдаулы

redaktor_qazyr

Мектептегі мәселені айтқаны үшін жұмыстан қуылған еден жуушы туралы жазған журналисттің үстінен директор сотқа арызданды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz