Фото: freepik.com
Энергетикалық сусындардың танымалдығы көбінде табысты маркетингілдік стратегияның жетістігі деп түсінуге болады. Жарнамалық компанияларда «энергия жарылысы», дене мен ой күшінің артуы серттеледі. Осылайша, энерготониктерді қабылдау жастар үшін белсенді өмір, спорт, қозғалыс сияқты түсініктермен ұштастырылады.
Алайда осындай сусындардың энергетикалық тиімділігі – иллюзия, себебі энергетиктер ағзаның резервін қолданады, өз бетінше энергия бермейді. Өндіруші төзімділіктің артуын және спорттық нәтижелердің жақсаруын уәде еткенімен, әсер етуші ингредиенттер – бұл кофеин және/немесе оның аналогтары (таурин, глюкуронолактон және т.б.), қант, өсімдік экстракттары. Олардың нақты әсері уақытша жүрек ырғағын жылдамдатып, қан қысымын көтереді, сондай-ақ ағзаның сусыздануына әкеп соқтырады.
Қабылдаудың қауіпі жасөспірімдер энергетиктерді ішімдікпен араластырып, мысалы, «арақ-энергетик» коктейльдері күйінде қабылдап, ағзаның жұмысына елеулі соққы береді. Коктейльдегі шамадан асқан кофеин, адамның масаю сезімін әлсіретіп, алкогольді бақылаусыз қабылдауға жол береді де, алкогольдік интоксикация қауіпін 3 есе ұлғайтады. Энергетиктерді алкогольмен қосып қабылдау, масаю сезімін азайтқанмен, масаюды азайтпайды!
Энергетикалық сусындар, спорттық сусындар ретінде сатылғанымен, спортпен айналысқан кезде қабылдамау нұсқалады. Олар шөлдеу сезімін азайтпайды, керісінше – жаттықтырудың алдында және одан кейін қабылдау ағзаның сусыздануын ұлғайтады. Сондай-ақ, қарқынды жүктеме кезінде энергетикалық сусындарды қабылдау жүрек-тамыр жүйесінің проблемаларына алып келуі мүмкін.
Энергетикалық сусындарды асыра қолдану ашуланшақтықты, жүрек қағысының жиілеуіне, ұйқының қашуына, депрессияға, көңіл-күйдің тез ауысуына және т.б. әкеп соқтырады.