Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Ешқандай хабар жоқ»Шымкентте таксиге мінген 18 жасар студент қыз,правасын алуға кеткен 20 жастағы жігіт:«Камералар қайда?»

Шымкент қаласында 2025 жылдың 21 қаңтарда түнгі сағат 23:00 шамасында 18 жастағы Ермекбай Арайлым Ерболқызы із-түссіз жоғалып кетті. Қыз Алаш базарынан Шубарсу ауылына таксимен бара жатқанын айтып, соңғы рет әжесіне хабарласқан. Сол түні Арайлым үйіне оралмаған.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Туыстары қыздың қайда екенін анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда, оқиғадан бір апта өткеніне қарамастан, полиция нақты ақпарат бермеді. Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.

Бұл тек бір адамның тағдырына қатысты мәселе ғана емес, жалпы қаладағы қауіпсіздік деңгейіне байланысты сұрақтарды тудырды. Жоғалған адамдарды іздестіру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың басты міндеті болуы тиіс.

Айта кетерлігі, дәл осыған ұқсас оқиға 14 қаңтар күні Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөген ауылында да орын алды. 20 жастағы жас жігіт Бәйдібек Шымкентке көлік жүргізу куәлігін алу үшін келгеннен кейін жоғалып кетті. Оның жоғалғанын байқаған туыстары дереу полицияға хабар берген.

Бейнебақылау жазбаларында жігіттің соңғы рет аялдамада қоғамдық көлік күтіп тұрған сәті анықталды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол автобусқа отырған болуы мүмкін. Алайда одан кейінгі әрекеттері туралы ешқандай ақпарат жоқ. Бүгінде оның жоғалғанына 14 күн болды.

Ұқсас жаңалықтар

Жанарбек Әшімжан: «Қазір мұғалімдер балалардан қорқады»

redaktor_qazyr

Президенттің Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев ҚР Цифрлық даму министрі лауасызымына тағайындалды

redaktor_qazyr

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жібермек – NYT

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz