Көптің қолы көкке жетеді.
***
Халық — қазы, еңбек — таразы.
***
Халық сүймес, халық сүйген — суға батпас, отқа күймес.
***
Халық сыны қатесіз.
***
Халықтан бөлінген қараң қалар.
***
Халық түзетпегенді қалып түзетпейді.
***
Халықтың құшағы кең.
Халықтың күшi – бiрлiкте.
***
Халықтың үні зеңбіректердің дүмпуінен күштірек.
***
Халық та, жер тәрiздi, – кәрiлiктi бiлмейді.
***
Жол жолмен қосылады, халық халықпен қосылады.
***
Халық халыққа жау емес.
***
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
***
Халыққа қарсы жүру — ағысқа қарсы жүзу.
Халық ұйғарса хан түйесін сояды.
***
Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
***
Ел — жұртыңның қадірін,
Іс түскенде білерсің.
***
Халық ханға бағынғанда — бала,
Ашуланғанда — әке.
***
Өсер халықтың арманы көп,
Өшер халықтың жанжалы көп.
***
Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.
***
Халықтан аспа, жамандыққа баспа.
***
Халық аузына қақпақ қойып болмайды.
Халыққа қарсы жүру — Ағысқа қарсы жүзу.
***
Халық көздегіні ғана емес,
Көңілдегіні де көреді.
***
Халыққа түзелмеген,
Қалыпқа да түзелмейді.
***
Халықты дана қосады,
Әйел мен ерді бала қосады.
***
Cары тонның қадірін,
Қыс түскенде білерсің.
***
Тозған елді там жияр.
***
Толған ел тарихын таспен жазады,
Тозған ел тарихын жаспен жазады.
***
Шетте жүріп тарығарсың,
өз еліңді сағынарсың.