21.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Хасан Қасымбаев ісі сотқа жіберілді: ауыр қылмыстар бойынша айып тағылуда

Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ол қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және адам ұрлау фактілері бойынша айыпталуда деп хабарлайды Qazyr.kz

29 шілде күні Алматы облыстық прокуратурасы айыптау актісін бекітіп, істі Талғар аудандық сотына жіберген. Полиция Қасымбаевқа қатысты тергеуді биыл сәуір айында аяқтаған. Ал 2024 жылдың 2 қарашасында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Аталған қылмыс 2021 жылдың маусымында жасалған. Кейін бұл іске байланысты бес адам сотталып, жазаларын өтеу орындарына жіберілген.

Хасан Қасымбаевтың есімі бұған дейін Талғар қаласында Шерзат Полатты өлтіру ісімен байланыстырылған болатын. Алайда Қасымбаев бұл қылмысқа және «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы барын жоққа шығарды. ҚР ІІМ мен прокуратура да Қасымбаевтың аты аталған істің фигуранты емес екенін және Алматы облысында мұндай қылмыстық топтың ресми тіркелмегенін растады.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматы Қытай туристеріне есігін айқара ашты

admin_qazyr

Энергия және табиғат: экологиялық шешімдер

admin_qazyr

Қара күш иесі Түркістандық Жалғас

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz