Мәдениет

Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров– ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болды. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

І.Жансүгіров поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортаны сыйпаттады. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмалары бар. А.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, қазақ тіліне алғаш рет толық аударды.

Дереккөз: әл-Фараби кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Алаш арыстарының 6 ұстанымы

redaktor_qazyr

Мұқағали Мақатаев — Пай,пай өмір!

Redaktor Site

Айғазы Сейтқаз-Жыр жазайын

Redaktor Site

Пікір жазу