Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында полицияға арналған жаңа ғимарат салынуда
Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылы халықтың тығыз орналасуымен және стратегиялық маңызымен ерекшеленеді. Бұл ауылда 23 мыңнан астам тұрғын бар, әрі ол Өзбекстанмен шектеседі. Шекарадан тәулігіне шамамен 30 мың адам мен 1000 көлік өтеді. Сауда-саттық пен екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы бұл аймақтың рөлін одан әрі арттыруда….