Сұлтанмахмұт Торайғыров-Кедейлік
Кедейлік, сен жексұрын, түсің суық, Іздемес сені адам керек қылып. Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың, Маған салса қасыма келме жуық. Жанды жеп сен ғой мені арытатын, Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын. Жыртықтан жылтылдаған жас денемді, Күнге қақтап, аязға қарытатын. Жарытпай киер киім, ішер асқа, Сөктіріп малы барлау надан, насқа….