24.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 455.12 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.99 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.55 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.29 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 020 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.45 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +10°C 🇺🇸 USD/KZT: 455.12 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.99 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.55 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.29 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 020 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.45 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +10°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Редакция авторы

✍️ Qazyr Редакциясы

Жарияланған мақалалар саны: 4039

← Басты бетке оралу
Қоғам

Мазасыз жүрек жырласын

Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен, Шындықты жақтап жүретіндермен, Сыйластық сырын білетіндермен Танысқым келеді менің. Жаманға жағынбайтындармен, Жоқтыққа тарылмайтындармен, Арманнан арылмайтындармен Табысқым келеді менің. Жанары мөлдірегендермен, Жүрегі елжірегендермен, Үмітке сендіре білгендермен Достасқым келеді менің. Мұң-қайғы жеңбейтіндермен, Өсекке сенбейтіндермен, Наданға ермейтіндермен — Бас қосқым келеді менің.

30.08.2024 👁 573
Аймақ

Ауылды аңсағанда

Сағыныш мені өзіне тағы кетті алып, Өлеңнен өзге дүние түгел шет қалып. Ақ таңнан тұрып, аттанып кеткім келеді, Сал самал жұтып, Сағымды белді бетке алып. Осы бір сәтте ақындық атты бақ дарып, Шалқытып жатыр жанымнан жалын ақтарып. Думанды ауыл, дидарың жатыр кеудемде Тал бесіктегі таққан тұмардай сақталып. Сергітіп ойды сен…

30.08.2024 👁 498
Қоғам

Тұманбай Молдағалиев- Қазақстан

Қазақстан, сен қасымда жүресің, Жолымызға тұрады ылғи гүл өсіп. Арман атты ақ ордаға кірерде Алдымыздан ашылады бір есік. Алдымыздан ашылады бір қақпа Әрқашанда тұлпарымыз тұр бапта Қазақ болсаң алыстарға сапар шек, Қазақ болсаң аттың терін құрғатпа. Керек отым, кереметім кең далам, Жастайымнан жадыланғам мен де оған. Шексіз, шетсіз махаббатым арқылы,…

30.08.2024 👁 313
Қоғам

Балалық күн

Балалық, сенен артық күнім бар ма, Бала күнде бойымда мінім бар ма? Бәріне жетем деймін, алам деймін, Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма? Балаға тең, көрінер бай мен кедей, Сүйеді жақсы, жаман, надан демей. Күнә, сұмдық дегенді ол білмейді, Айырмасыз ер, әйел бәрі бірдей. Жақын-алыс деп білмес алалауды, Аққа жауып…

30.08.2024 👁 465
Қоғам

“Қазақ дәптері” кітабынан

Мына бір дəйектерге көңіл аударыңызшы: «Шынында, қазақтың бұл күнгі қызметіне қатысып отырған азамат қазақ елін қай қызметімен қанағаттандырады? Қандай еңбек, қандай өнер, қай ісімен ризалайды? «Мен мынаны істегенім жоқ па, мынадай үлгі, пайдалы істі ортаңа орнатқам жоқ па?» деп қай қызметімен елдің аузын буады? Мен осы сауалдарға жауап таба алмаймын…»…

30.08.2024 👁 240
Қоғам

Шөмішбай Сариев

Әлдиінен қадірлі сөз бола ма, Ананың ақ сүтінің қарызы мол. Өз тіліңді үйрету өз балаңа – Анаңның алдындағы парызы ол! Кінә артады күні ертең бала кімге? Ұрпағыңның алдында ұяттысың. Бір ауыз сөз білмесе ана тілде, Өз балаңа шет елдік сияқтысың! Ұмытылып қалардай өз анаң да, Ана тілді ұмыту – масқара…

30.08.2024 👁 476
Аймақ

Анадолыдағы ағайынға

Бауырым, сен жырақта, мен бұ жақта, Басылған осылай деп мөр құжатқа. Баласы бір атаның болғаннан соң, Арасы бауырлардың енді ұзақ па?! Куәгер Қазақ Жері қанша арманға, Біз қалдық, Сіздер кетіп, енші алғанда. Жан беріп, қорғаштауға даяр болдың, Жау келіп, жағамызға қол салғанда. Түркістан – бар түрікке атамекен! Мағжанның мәнді сөзі…

30.08.2024 👁 250
Қоғам

Мұхтар Шаханов-Шың басындағы оқиға

Бір-бірінен көз айырмай үздігіп Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт. Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған, Қанатыңа алғаныңа шаттанам. Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа, Енді өзің біл, Сенсіз өмір жоқ маған! – Деді сұлу жасаурап от жанары. Жігіт те оған ырзалықпен, Ерге біткен мырзалықпен Жүрегінен жалын шаша қарады. «Қандай бақыт түсініскен, сеніскен». Біраздан…

30.08.2024 👁 258
Қоғам

Ақ бата

Қысыр бақсаң қазылы болғай, қара қойың қозылы болғай! Ойсыл қараң жоталы болғай, жыл құрғатпай боталы болғай! Өрелі биең құлынды болғай, Қызылмеңдең тұлымды болғай! Інінің бәрі иықты болғай, шетінен алып сиықты болғай! Тау менен тасың қорықты болғай, көл-дарияң борықты болғай, Ақ жүгерің шашақты болғай, арпа-бидай масақты болғай! Мәуелі бағың жемісті болғай,…

30.08.2024 👁 610
Әлем

Алма Түсіпбаева — Сенің күлкің

Иығымнан жүк түсірген жүз батпан, Көз жасымды құрғатқан. Сәлем алып келген маған нұр-бақтан – Сенің күлкің! Арманыма ақ қанатын қақтырған, Тылсым сырлы бір сезімге тап қылған, Үмітімнің шырағданын жақтырған – Сенің күлкің! Қабағыма тұрған сәтте мұң қатып, Тұңғиыққа баратқанда шым батып, Табындырған, бір сәт қана тыңдатып – Сенің күлкің! Ойға…

30.08.2024 👁 465
Аймақ

Күлаш Ахметова-Ене сөзі

Келінжан, тілегін ал мына көптің, Ойлама ақыл айтып тұр-ау деп тым. Естілікпен ескергін, Келген жерің – Жақсысы бір ауылдың, бір әулеттің. Қос өзен қосыла ма, қоса аға ма, Қуаныш соның бәрі осы анаңа. Шаттық боп келші, жаным, шаңыраққа, Бақыт боп келші, жаным, босағама. Мүмкін мұнда көп ғұмыр өткізбегің, Өткізерсің күндердің…

29.08.2024 👁 262
Саясат

Ринат Заитов-Егерде

Менің әкем патша болса егерде, Айналар ем айласы көп шеберге. Қиялымды іске асырып, бай болып, Зиянымды тигізер ем көп елге. Білмейтін ем не екенін қайғының Сауықпенен өтер еді ай, күнім, Министр боп, сенатор боп армансыз Меншіктер ем отанымның байлығын. Менің ағам патша болса егерде, Ие болар едім таудай беделге. Базар…

29.08.2024 👁 544
Экономика

Оразалы Досбосынов

Қилы-қилы заман бар. Заманды билер адамдар. Бүгінгі мына заманда, Жақсыдан туған жаман бар. Жақсыларға бергісіз, Адам айтса сенгісіз, Асқан жаман адам бар. Шетелге кетпес екен дейд Мұнайы мен қазақтың Алтын мен жез, күмісі, Бидайы мен күріші, Мысы менен мырышы, Хромы мен құрышы, Өзімізде қалса дұрысы, Табиғи бүкіл қазбалар, Дейді оған…

29.08.2024 👁 522
Қоғам

Мұқағали Мақатаев күнделігінен

Әдебиетімізді арамшөптерден тазартатын күн туар ма екен?! Қайдам?! Осы күнгі әдебиет – нағыз таланттардың әдебиеті емес, пысықтардың, жерлестер мен достардың, жағымпаздар мен қорқақтардың шатпағы. Әдебиеттің көкжиегіне өйтіп-бүйтіп бір алаяқ іліне қалса, ол өзі сияқты бір Санчо-сыншысымақты сүйрелей келеді. Ол «сыншысымақ» белгілі бір уақытқа дейін өз шәркейін сол салада сүйретіп жүріп…

29.08.2024 👁 407
Қоғам

Шәкен Оңалбай

Мені көрсең қуанып далбаңдайсың, Не тұрғанын алдыңда аңғармайсың. Үш-төрт сағат далада келсем жүріп, Айлап көрмей сағынып қалғандайсың. Сүйкімдісің, тұрасың күліп дәйім, Босқа жылап мазасыз зарланбайсың. Жалауымдай биікке көтеремін, Жайлауында кеудемнің сайрандайсың. Көңілімнің көгілдір аспанында, Жұлдыз болып бағыма жанғандайсың. Болашақтың көрікті бақшасына, Қарлығашша шарқ ұрып барғандайсың. Ержеткенде сен әрі адам болып,…

29.08.2024 👁 647
Қоғам

Ерлан Жүніс-Сұлудың көз жасы

Мұңайды сұлу, жылайды сұлу, Көзінің жасын бұлайды сұлу, Жанып та барып жастығын құшып, Талықсып соған құлайды сұлу. Ыстық та жасы ерінін өпті, Ыстық та мұңы көңілін өпті. Үздігуші еді, үміті сөнді, Сүйінуші еді, сенімі кетті. Кірпігі жастан зілмендей болды, Ащының дәмін білгендей болды. Көзінің астын көлеңке шалды, Ерінін тістеп, тілгендей…

29.08.2024 👁 676
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA