24.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 455.12 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.99 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.55 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.29 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 020 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.45 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +10°C 🇺🇸 USD/KZT: 455.12 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.99 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.55 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.29 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 020 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.45 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +10°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Редакция авторы

✍️ Qazyr Редакциясы

Жарияланған мақалалар саны: 4039

← Басты бетке оралу
Аймақ

Ажырасу туралы баллада

Жасқа толып жүрегі, жаны жасып, Безді ме екен басынан бағы қашып?! Бауырына басатын жан қалмапты, Ауылына келгенде ажырасып… Елге қайтпай, қалада жүріп көрді, Кешірер деп үй-іші үміттенді. Қыз боп шыққан үйіне кеше ғана, Келіншек боп сопайып кіріп келді… Ол өкінді, ауылға бекер келіп, Жұрт күлетін сияқты мекерленіп. Жүре алмады еркінсіп,…

29.08.2024 👁 450
Қоғам

Алма Ақылбайқызы-Қара сым

Керім-күннің есіңе алып қалыбын, Сен де мені ойлайсың ба әлі күн? Сенсең егер, мына жалған өмірдің Кермек дәмін сен арқылы таныдым. Кермек дәмін… Жетпей қалып тәттісі, Қанатынан қайырылып бақ құсы. Тағдыр маған қара көйлек кигізді, Жыртысының жетпей қалып ақ түсі. Қара көйлек, қара жолақ, қара гүл, Өзегімде өткен күнге нала…

29.08.2024 👁 359
Әлем

Ақберен Елгезек

Сенің ғана көздеріңмен көргім келген әлемді, Сенің ғана сөздеріңмен өргім келген өлеңді. Сенің ғана саусағыңмен ағытқым кеп түймемді, Сенің ғана ерініңмен білгім келген сүйгенді. Сенің ғана қолдарыңмен әлпештеп пәк сәулені, Сенің ыстық тынысыңа күйгім келген әуелі. Сенің ғана шаштарыңда қалғым келген тұншығып, Сенің ғана асқарыңа қалғым келген бір шығып. Сенің…

29.08.2024 👁 377
Қоғам

Қадыр Мырза Әли естелігінен

Үлкен өнерге келген адамды сақтайтын – тек қана қайсарлық. Бiреулердiң ұнжырғасы түсiп кетедi, соққы жейдi, тауы шағылады. Солардың көбi… Қайсарлығы жетпегендiктен орта жолда қалып қояды. Жiгерi жоқ. Не iшiп кетедi, не жеңiлдеу жолға түсiп кетедi. Карьеристердiң бәрi карьерист боп туды дейсiң бе? Қайсарлығы кемдiктен оңай жол iздейдi. Жiгерсiздiкке алып барады….

29.08.2024 👁 599
Қоғам

Мехнат Теміртасқызы-Қайдасың?

Қайдасың… Менің жүрегімнің егесі, Тұнық жырымның төресі! «Сағынба мені» демеші, «Сабылма іздеп» демеші, Күнгейден соққан самал жел, Хабар əкелмеді, «о, несі?»! Қайдасың… Жақын болды ма жат қасы, Ашылып бəлкім, қақпасы. Қай жерді мекен етсең де, Жамандай көрме асылым! Жақсылығымды айтып мақташы, Қияқ қанатты сұңқарым, Сезімдерімнің патшасы! Қайдасың…. Өлеңдерімнің шың басы,…

29.08.2024 👁 549
Әлем

Фариза Оңғарсынова-Мен сізді ұнатамын

Мен сізді ұнатамын. Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым. Жалғыз арман жанымды жайлап алып, сенделемін, үмітпен бүр атамын. Түк еместей әлемдік айыптаулар, не ұмтылған асқарым — жыр, атағым. Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен біреулерді өксітіп жылатарым, не өзімді даңқтың тұғырынан мүмкін тіпті біржола құлатарым. Жанса бағым, бәріне де дайынмын —…

29.08.2024 👁 462
Қоғам

Мұхтар Шаханов-Құдаша

Бас имей бұрқасынға Өтті де жылдар ағып. Туған жер қырқасында Қап қойды бұл балалық. Қайтемін оны даулап, Тек арман мүлгімейді. Бір сезім омыраулап, Кеудемді тілгілейді. Арайлы ақ тілекпен Қанша үміт сабақталды. Қаншама өтті көктем, Мен сені жоғалтқалы. Кезімде гүл атпаған Көріппең өзің мені. Ешкімді қуантпаған Қауқарсыз кезім бе еді?! Күлкіңнен…

29.08.2024 👁 282
Қоғам

Лала Жүнісқызы-Жігіттерге тілек

Шаршап келсе жұмыстан, Қабағыңа қарайтын. Тәңіріндей санайтын, Жары болсын жігіттің. Алыс кетсе сағынып, Перзентіне абынып, Күтетұғын жабығып, Жары болсын жігіттің. Ауыр сәтте жұбатып, Арттыратын қуатын. Жайын айтпай ұғатын Жары болсын жігіттің. Шектен озбай қылығы, Сезілмеген былығы. Мөлдір судай тұнығы, Жары болсын жігіттің. Алла өзі қолдаса, Осындай жар жолдаса. Қалайша бақ…

29.08.2024 👁 570
Қоғам

Темірғали Көпбай

Балаң үшін өзің жарық Күндейсің, Ұрпағыңмен тамыр жайып, гүлдейсің. Еркелетіп үлгерген жөн балаңды, Ертең оны не тосады, білмейсің.

29.08.2024 👁 649
Қоғам

Махамбет Өтемісұлы-Ұлы арман

Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда Еңкеймей кірер күн қайда? Қара бұланның терісін Етік қылар күн қайда? Күдеріден бау тағып, Сауыт киер күн қайда? Күмбір-күмбір кісінетіп, Күреңді мінер күн қайда? Толғамалы ақ мылтық Толғап ұстар күн қайда? Алты құлаш ақ найза Ұсынып шаншар күн…

29.08.2024 👁 645
Қоғам

Мұқағали Мақатаев-Арманда ұлым

Кім боласың, Қандай өмір сүресің, Ол — өзіңнің үлесің.Ақылымды тыңда, мейлің, тыңдама, Тілегім бар бір ғана: Шығып ал да арманыңның шыңына, Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана.Болса ақылың біл мынаны: жалғанда, Жолай көрме арманы жоқ жандарға! Арманда, ұлым, арманда! Арманда, ұлым, ақтық демің қалғанда! Бүкіл өмір, бүкіл дүние, бар жалған,…

29.08.2024 👁 265
Қоғам

Есенқұл Жақыпбек-Ініге сыр

Інім-ау, сен де таттың ба сезімнің алғаш шарабын, Сағатқа сонша тағатсыз сәт сайын неге қарадың? Сырбаздық пенен серілік бойыңда сенің тапшы еді, Үтіктеп жатсың асығыс шалбардың шаң-шаң балағын. Көшені кезген тентекті бір жөнге салып бергендей, Әмірі жүрген сотқарға перизат еді ол нендей? Қырындай келіп айнаға он келіп, қайта он кеттің,…

29.08.2024 👁 456
Қоғам

Күлаш Ахметова-Інім

Мен көрмесем деп ем: Төккенін көзіңнің мол мұң, Шыққанын сөзіңнің солғын. Менің өмірім бір кітап десем, Үлкен ғой онда өзіңнің орның. Бар күйі шертілген жоқ Жастықтың сазының да әлі, Жайлауым жазы құмындағы, Сен бір қызық тараусың, інім! Өмірімнің мазмұнындағы. Сен кейде еске аларсың мені, Елжіреп сағынарсың дағы. Сөзімнің лағыл, асылдары…

29.08.2024 👁 657
Қоғам

Кенжеғали Үсенбаев

Әже отыр немересін әлдилеп, Жан сезімін бір ерекше ән билеп. Немересін құшырлана иіскейді, Әлди-әлди, ақ бөпешім, әлди деп. Разы боп ата отыр Алла деп, Бір ұрпақты бір ұрпаққа жалға деп. Иіскейді омырауын сәбидің, Бұдан өткен жұпар иіс бар ма деп? Шүкір дейді, асып-шалқып, тасымай, Дән риза отырғанға осылай. Қол жүгіртіп…

29.08.2024 👁 349
Қоғам

Анар Шамшадиенова

Жаның, Армандарға тұнған Тәнің Құр қалмаған жырдан. Затың Жақсылыққа жат емес, Атың басталады нұрдан. Қаның Бойда тулай аққан, Әнің Маған құлай жаққан Күлкің Ол тағдырдан сыйың Бір күн Сенсіз өткен қиын. Көркің Хас батырдың түрі Өртің Сезімді ерткен ұры Қолың Алақанға тисе, Орны Болады он күн жылы. Көзің Алла нұры…

28.08.2024 👁 443
Әлем

Қалқаман Сарин-Айсұлу

Арқаның керім кешінде, жаным, кездестік, Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк. Білектей бұрым, беліңе дейін бұралып, Төгіліп тұрды. Көрініп тұрды көзге ыстық. Қызарып барып кірпігін Күн де жапты әрең, Жарық жалғанмен қоштасып үнсіз жатты әлем. Жұлдызды аспанды жанарына алған сыйдырып, Айға ұқсап туған арманым, неткен, әппақ ең! Балдай қылығың…

28.08.2024 👁 641
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA