Шығыста «Jasyl El» жасақтары жаңа маусымын бастады
Күршім ауылында «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының XXI маусымы ашылды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл жасақтар экологияны сақтау, көгалдандыру, жастарды еңбекке баулу бағытында жұмыс істейді деп хабарлайды Qazyr.kz Іс-шараға республикалық штаб жетекшісі Нұрасыл Бекматов қатысып, жастарды құттықтады. Ол «JASYL EL» жобасының биыл 20 жылдығы екенін атап өтіп,…