Жетісуда мал азығын дайындайтын зауыт іске қосылуы мүмкін
Жетісу облысында алдағы уақытта жом өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Бірқатар қытайлық компания өкілдері облыс басшылығына осындай ұсыныс білдірді. Әлеуетті инвесторлармен облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов кездесті, – деп хабарлайды Qazyr.kz Басқосуда жобаларын таныстырған инвесторлар аймақта қант қызылшасының жомынан мал азығын шығаратын зауыт ашқысы келетінін жеткізді. Егер кәсіпорын салынса, онда ол…