Қазақстандықтарға жасанды интеллект заңгерлік кеңес бере алады
Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңес беретін жасанды интеллект элементтері бар чат-ботын әзірледі. Қазір ол Zan Komegi мобильді қосымшасының негізінде жетілдіріліп, тәжірибелік ортада тестілеуден өткізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді. Спикер Zanbar және IPrav қосымшаларында адвокаттар мен заң кеңесшілерінің рейтингі бар екенін түсіндірді,…