19.3 C
Шымкент
16-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Instagram мен TikTok-тағы жазбаңыз түрмеге апаруы мүмкін – заңда қатаң жаза қарастырылған

Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру фактілерінің көбейгенін мәлімдеді. Мұндай құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Instagram, TikTok және Threads платформаларында тіркелген, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Осыған байланысты прокурорлар азаматтарға ҚР Конституциясында бекітілген ұлтаралық келісімге қатер төндіретін кез келген әрекетке тыйым салынатынын еске салды.

Заңға сәйкес, мұндай қылмыс жасағандар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал ауыр зардаптарға әкелген жағдайда жаза мерзімі 12 жылдан 20 жылға дейін ұзаруы ықтимал.

Бұл қылмыстар экстремистік санатқа жатады және амнистия қолданылмайды. Сондай-ақ жазба авторының көпшілік алдында кешірім сұрауы да оны жауапкершіліктен босатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Зоб ауры туралы не білесіз?

redaktor_qazyr

«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылы әр балаға 129,38 доллар аударылды

redaktor_qazyr

Ұзақ жылдан соң табыстырған заман

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz