Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қариялар өлмесін

Туылғанда қуанып нәрестенің,
Сезінесің бір жылы жел ескенін.
Қарт болмаса жастарды баптайтұғын,
Кім көріпті өркендеп ел өскенін.

Бұл өмірдің көп көрген соқпақтарын,
Бақытымызға бар болсын қарттар дәйім.
Кеңес берер ақылмен насихаттап,
Жаратайық жастар-ау қарттар жайын.

Ақылы мол суындай дарияның,
Кемімесін қатары қарияның.
Балапанға жол-жорық көрсететін,
Бастығы ғой қария әр ұяның.

Сұрай салсаң білгенін ақтаратын,
Еске салып ескінің ақпаратын.
Қариялар өлмесін, қариялар,
Жанды архив қызметін атқаратын.

Сұлу жүзін бұзса да әжімдері,
Шал-кемпірдің жарасар әзілдері.
Қадірлейік қарттарды тірісінде,
Қартайса да өшпесін көңілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Салқынбек-Сен маған өкпелеме

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Марфуға Айтқожина — Наурыз

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz