19.3 C
Шымкент
16-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

KASE мұнай компаниясын қарызы үшін сауда тізімінен шығарды

Казахстан қор биржасының (KASE) листингтік комиссиясы Ақтауда тіркелген «Ушкую» АҚ акцияларын сауда тізімінен алып тастады. Компанияның ірі үлескерлерінің бірі – еліміздің тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаеваның жұбайы Қайрат Шәріпбаев, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Биржа таратқан мәліметке сәйкес, шешім 12 тамыздан бастап күшіне енді. Енді «Ушкую» компаниясының жай акциялары KASE алаңында саудаланбайды. Делистингке бірнеше себеп болған, соның ішінде – жылдық листингтік алымды төлемеу және ақпаратты ашу талаптарын орындамау.

Компанияның шығарылған акция саны 100 мың болса, оның 23%-ы Қайрат Шәріпбаевқа тиесілі. Басқа ірі акционерлер қатарында – Нұрлан Мұрзагалиев және Ержан Достыбаев бар. 2015 жылдан бері жұмыс істейтін «Ушкую» Маңғыстау облысында «Жетібай Солтүстік-Батыс» кен орнында мұнай өндірумен айналысады.

Өткен жылы қаңтар-қыркүйек аралығында «Ушкую» 1,3 млрд теңге таза шығын көрсеткен, ал жалпы активтері 1,7 млрд теңгені құраған. Жинақталған шығын көлемі 55 млрд теңгеге жеткен. Бұған дейін, 2023 жылы, компанияның 900 млн теңгеден астам қарызы «QazaqGaz» кәсіподақ ұйымына төленбей қалғаны хабарланған еді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алатау ауданында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

admin_qazyr

Жаз маусымында Түркістанда 40 мың бала сауықтыру лагерлерінде демалады

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Presight.AI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz