Басты ақпаратҚазір

«Астанада белгісіз ер адам Kaspi банкінің бөлімшесінде адамдарды кепілге алды»-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі stan.kz -ке сілетеме жасап.

«Астанада белгісіз ер адам Kaspi банкінің бөлімшесінде адамдарды кепілге алды»-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі stan.kz -ке сілетеме жасап.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес ол тұтқында 7 қыз бен 1 күзетшіні ұстап отыр. Полиция ер адаммен келіссөз жүргізуге тырысқан. Ал банк орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланды. Сондай-ақ оқиға орнына арнайы жасақ шақырылды.

Куәгерлердің айтуынша, аймақты күзету үшін оқиға орнына әскерге шақырылған сарбаздар келген.

Ал Kaspi банкінің баспасөз қызметі қарулы азамат басып алған бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана кепілге алынғанын мәлімдеді.

«Банк бөлімшесінде банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ. Қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатыр. Күштік құрылымдар және банк ешкімнің зардап шекпеуіне күш салады”, – деп мәлімдеді банк өкілдері.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктеріне қатысты үкім шықты

admin_qazyr

Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық кеңес өткізеді

redaktor_qazyr

6 жылға сотталған Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев, Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды

redaktor_qazyr

Пікір жазу