Күндерде бір күн түрік бабаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім».
Бұл сөздер латын əріппен кестеленіп, əрбір қазақ үйінің төрінде ілулі тұруы керек.
Мағжан бұл пікірді «Педагогика» атты еңбегінде 1922 жылы айтқан.
Арасына 84 (!) жыл салып, бір əрпін де өзгертпей мен сол дəйексөзді қайталап келтіріп отырмын. Енді жүз жылдан соң бұл жүрекжарды ой-арманды қазақтың көзі ашық тағы бір баласы еске алып, қандастарының жүрегіне от салып, намысын оятар деп сенемін.