19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

Қазақ шахматшылары әлем чемпионатында топ жарды: Алматыдағы РФММ командасы – күміс жүлдегер!

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Александрия қаласында өткен 2025 жылғы мектеп командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғаған Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің  командасы күміс жүлдеге ие болды. Бұл – қазақ шахматшыларының кезекті ірі жетістігі деп хабарлайды Qazyr.kz

Чемпионатқа әлемнің 48 елінен 55 үздік мектеп командасы қатысты. Бұл жолы жас ерекшеліктеріне бөліну болмады, командалар нақты іріктеу мен спорттық нәтиже негізінде жасақталды. Қатысушылар арасында Қазақстаннан бірнеше команда өнер көрсетті – олардың қатарында Астана қаласындағы SEED Educational Complex, РФММ-2 және өзге де оқу орындары бар.

Соңғы турда Алматыдағы РФМШ командасы Түркияның Istanbul Erkek High School командасын 4:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл жеңіс команданы жалпы есепте екінші орынға шығарып, күміс жүлде алып келді.

Чемпионатта озық өнер көрсеткен команда – Үндістанның Velammal MHS School (Ченнай) мектебі. Олар 8 турдың бәрінде де жеңіске жетіп, 16 ұпаймен чемпион атанды.

Жеке шеберлік те жоғары деңгейде

Командалық жетістіктен бөлек, қазақстандық шахматшылар жеке есепте де жарқырай көрінді. РФММ құрамындағы Иманғали Ахилбай 8 партияның барлығында жеңіске жетіп, 2-доскада алтын медаль жеңіп алды. Оның командаластары – гроссмейстер Эдгар Мамедов пен халықаралық әйелдер шебері Зарина Нұрғалиева да жекелей есепте қола медаль иеленді.

Қазақстандық командалардың жалпы нәтижесі:

2 орын – РФММ (Алматы) – 12 ұпай

4 орын – РФММ-2 (Астана) – 12 ұпай

8 орын – SEED Educational Complex (Астана) – 11 ұпай

23 орын – РФММ-1 (Астана)

31 орын – Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы (Ақтөбе)

38 орын – О.А.Жолдасбеков атындағы IT-лицей №9 (Шымкент)

ISCF және KazChess басшысы Тимур Турловтың пікірі:

– Бұл турнир Қазақстан үшін тек спорттық дода емес, бүкіл шахмат қозғалысын дамыту құралы. Біз тек қатысушы ретінде емес, ұйымдастырушы ретінде де маңызды рөл атқардық. Командаларымыздың табысы – жүйелі еңбектің, ұстаздар мен шәкірттердің табандылығының нәтижесі. Қолдау білдірген ҚР АҚШ-тағы елшілігіне, елші Ержан Ашықбаевқа алғысымыз шексіз, – деді ол.

Әлемдік деңгейде осындай нәтижелер көрсету – Қазақстан шахматының даму қарқынын айқын көрсетеді. Жасөспірімдердің бәсекеге қабілеттілігі, отансүйгіштік рухы мен командаға деген жанашырлығы елімізді биік белестерге жетелейтіні сөзсіз.

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады?

admin_qazyr

Дос туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz