Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратСаясат

Қазақ тәңіршілдері өз бірлестігін құру туралы жабық кеңес өткізуді жоспарлауда

«Қазақ тәңіршілдері өз бірлестігін құру туралы жабық кеңес өткізуді жоспарлауда»,-деп хабарлайды Қазір ақпарат агенттігі dalainside-ке сілтеп.

Құрамына қазақ буржуазиясы мен жас интеллегенттер кіретін, Көк Тәңірге сиынатын бірнеше топ өкілдері «Қазақстан тәңіршілерінің наными бірлестігін» құру туралы жабық консультациялар өткізе бастады. Оны ресми тіркеуден проблема жоқ, тек тенгрианствоның өз ішінде екі көзқарас бар.

Бірінші топ «тәңіризмге ресми статус керек емес. Ол наным біздің жүрегімізде, ДНК-мызда ғана болса жетіп жатыр» — деген ойда. Ол топта көбіне еркін суретшілер, музыканттар басым.

Екінші топ «Тәңір жолын ресми бекітейік. Бірлестік тіркелсін, сайтымыз, кеңсеміз болсын. Кез-келген адам танысып, қызықса қатарымызға қосыла алады» — деп отыр. Мұнда көбіне жастар, стартаперлер, кәсіпкерлер кездеседі.

Көк Тәңірге сиыну, отты құрметтеу, аруақтарға тәу ету түркінің ата жолы болып келді. Христиан, Ислам сынды авраамикалық, догматикалық діндерге қарағанда Тәңіризм «күнә мен жаза» системасын қолданбайды. Ол адамды табиғат ананың бір бөлшегі, баласы ретінде қарастырады. Көк Тәңір бар, Жер-Ана бар. Бірақ оларда жұмақ пен тозақ, о дүние деген жоқ.

Жүздеген жылдар бойы дала философиясы Тәңіризм мен Исламды өзара ұштастырып, бірегей қазақи мұсылмандық қалыптастырды. Әруаққа құран бағыштау, тұмар тағу, от/адыраспанмен аластау сынды ата дәстүрде Құран Исламнан келсе, әруақ пен от Тәңіризмнен келді. Енді тәңіршілдер өз системасында Құранды сақтап қалуға барынша тырысуда. Себебі, олар да Исламға дейінгі таза Тәңіризмнен көрі қазіргі қоғамға «Құрани қазақи тәңіршілдік» анағұрлым өтімді болатынын біліп отыр.

Қазір Қазақстанда шамамен 500 мың адам Тәңіризмді жүрегіне жылы қабылдайды және оны «ата дін» деп таниды. Біздің болжауымызша, болашақта Тәңір жолы аристократиялық бағытқа айналады. Яғни, көп оқыған, талантты, білімді және шығармашылық топ (оқымыстылар, суретшілер, музыканттар, жазушылар, ақындар, инноваторлар, IT-мамандар, журналистер) Тәңіризмнің негізгі ордасын құрамақ. Ал қалған бұқара халық (жұмысшылар, базарда жүргендер) Ислам дінінде қала беретін болады.

Сонымен, Тәңіризм бірлестігін көретін күн бола ма? Ол тәңіршілдердің өздеріне, ауызбіршілігіне байланысты. Бізде Иегова куәгерлері, Жетінші күн адвентистерінің де қиналмай тіркеуден өткенін ескерсек, тіркеу мәселесінде проблема жоқ.

Тек идеологиялық қарама-қайшылықтар көбейіп кетті. Нақты тәңіризмнің не екенін айшықтап ереже жазса, онда Тәңіризм догматикалық дінге айналмақ. Ал Тәңір идеясының өзі ешқандай ереженің, шектеудің, жазаның болмауына негізделеді. Бірінші топ пен екінші топ дәл осы сұрақ бойынша бас қатырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде «Мені өлтірейін деп жатыр» деп көмек сұраған әйелдің өтінішін елемеген, 112 қызметкері 2 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Атырау облысында итті тірідей өртеп жіберген балалар қамауға алынды

redaktor_qazyr

Қызылордада антикорға пара берген мешіт имамы жұмысынан қуылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz