Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБілім

Қазақша афоризм: сайтан туралы

«Афоризм» атты қолжазбамыздан бірер Сөз

САЙТАН ТУРАЛЫ

  • ** Сайтанның басты бір белгісі — көзбояушылық. Екі мағынасында да.
    ** Сайтан қауіпті емес. Ол қаншалықты зәлім болса да, — бірбеткей. Бірден танисың оны. Пенделер қауіпті. Өйткені, олар екіжүзді.
    ** Сайтаннан сабақ алмасаң, ешқашан саналы бола алмайсың.
    Жасасын Сайтан!
    ** Сайтанның бес қаруы бар:
    озбыр билік, аяр саясат, арсыз сауда, басқыншы соғыс, сұлу ұрғашылық.
    ** «Сайтан — түтінсіз оттан жаралды» догмасы — бос сөз. «Ол сасық су мен сасық топырақтан жаралған». Ал, оттан таза ештеме жоқ.
    ** Сайтанның сыбайласы — санада..
    ** Сайтанның екі ұстанымы бар.
    Біріншісі — «Өзің білме, білгеннің тілін алма!». Екіншісі — «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас!».
    ** Сайтанның даму жолы — материалдық-техникалық үдеріс.
    ** Сайтан құралдарының бірі — алуан техника. Адамдық сана қабілетінің барша қыры ашылғанда, ол техникасының бәрі адыра қалады.
    ** Сайтандардың пірі — Қара Шаш Елті.
    ** Мүңкір гармония — Сайтан мұраты.
    ** Өмір көңілді болу үшін, сайтандық та керек аздаған.
    ** Сайтан Періштеге айналса да, ұрғашылығы өзгермейді.
    ** Сайтан тұзынсыз, періште көжесінің де дәмі кірмейді.
    ** Түптеп келгенде, бәріміз де — періште бола алмай жүрген сайтанбыз.
    Періштесі мен Сайтаны «итжығыс» жан — пенде..
    ** Періштенің Сайтансыз күні жоқ.
    Сайтанға да дәл солай.
    ** Сайтанмен күрес мәңгі бітпейді, жұпар жарасым амалын іздемесең.
    ** Көсеге мен көңіл қошынан жаратылған жұпар ән — Сайтанды да еңіретеді.
    ** Көңілі ұдайы қош аңқыған сайтан ғана — жұпар гармонияның кепілі.
    ** «Алпыс екі айла» — Сайтандікі. Қарсы екі «амал»: «Сайтан өнерін үйрене жирену» және «Сайтанды періштелік өнермен еліктіріп әкету».
    ** Сайтанды өзіңнің адамдық жұпарыңмен үнемі еліктіре-елтіте білсең, ол да жұпарланып, сенің адал жарыңа айналады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғынынан 400 таблетка «Трамадол» тәркіленді

redaktor_qazyr

Шүкірбай Ақназарұлы

Redaktor Site

Алаш идеясы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz